
Түркістан облысында балық шаруашылығы облыс экономикасының маңызды саласына айналды.
Өркендеу жолына түскен іргелі салада атқарылған жұмыстар да, алдағы міндеттер де ауқымды. балық шаруашылығын дамыту ісі Келес ауданында да жолға қойылған. Мұнда 4 ірі кәсіпорын өзен-көлдерде балық түрлерін көбейтіп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұдан бөлек, балықты жылыжай ішінде көбейтіп, өсіруге бет бұрғандар бар. Келес балығына сыртқы нарықта сұраныс жоғары.
Ауданда балық шаруашылығын алғашқылардың бірі болып бастаған «Жанель» шаруа қожалығы 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Шаруа қожалығының жалпы аумағы 2 гектарды құрайды. Оның басшысы Бақытжан Каюповтың айтуынша, өндіру қуаттылығы жылына 50 тоннаны құрайды.
Ауданда балық өсіру және балық етін өндіру жұмысын жандандырған «Көшім» шаруа қожалығы 2019 жылдан бастап Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 100 гектар жерде балық өсіруде. Жылына 400 тонна өнім алатын шаруа қожалығының иесі Райс Тастановтың мәліметінше, жоба толыққанды іске қосылса, тағы 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Бүгінде жаңа кәсіпті игерген шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау бар. Аудандағы қожалықтарда балыққа берілетін жемнің 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
394263 888735I admire the helpful facts you offer inside your articles. I will bookmark your weblog and also have my children verify up here often. Im extremely sure theyll learn a great deal of new issues proper here than anybody else! 905310
1018 302665This really is a nice weblog i should say, typically i don????t post comments on other people???? blogs but would like to say that this post truly forced me to do so! 576475
384042 19569My California Weight Loss diet invariably is an cost effective and versatile staying on your diet tv show made for individuals who discover themselves planning to drop extra pounds and furthermore ultimately maintain a a lot healthier habits. la weight loss 368507
163692 22215hello, i came in to learn about this topic, thanks alot. will put this website into my bookmarks. 810055