Түркістан: Келес ауданында шектеу шараларын сақтау бойынша штаб отырысы өтті

Келес ауданында шектеу шараларын сақтау бойынша штаб отырысы өтті.


Аудан әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен өткен жиынға аудан прокуроры Бақыт Сейфолла, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық окургі әкімдігі жанынан құралған мобильді топ жетекшілері және аудандағы құрылымдық мекемелердің басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Келес ауданы аумағындағы эпидемиологиялық ахуал бойынша аудандық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Спандияр Оразымбетов баяндаса, ал шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын аудандық полиция бөлімінің басшысы Болат Қаныбеков мәлімдеді. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе, яғни вакциналау жұмыстарының жүргізілуі барысын аудандық «Абай» ауруханасының дәрігер- эпидемиологі Талғат Иканбаев баяндады.

Айта кетейік, Келес ауданында коронавирусқа қарсы екпе алып жатқан адамдардың саны артып келеді. Бүгінгі күнге дейін 20 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Ауданда вакцинаның бірінші компонентін 17 540 адам ал, екіншісін 11 780 тұрғын қабылдаған. Бүгінгі таңда вакцинаның Гам-КОВИД-Вак, QazCovid, Hayat-Vax және КоронаВак түрлері өңірге жеткізіліп, аудан аумағындағы аурухана мен емханаларда сондай-ақ шалғай ауыл тұрғындарына жылжымалы медициналық кешен арқылы салынуда. Жалпы 5 медициналық пункт арнайы жабдықталған. Қазіргі таңда күніне 600-ге жуық тұрғын вакциналарды қабылдауда.

ANYQ.KZ-ақпарат

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.