Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ауылдарды аралауы жалғасуда.
Негізгі мақсат – ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа таныстырып, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдау. Аудан прокуроры Бақыт Сейфолламен бірге аудан тұрғындармен кездесіп, мәселесін тыңдады. Өңір басшысы аудандағы түрлі салаға жауапты мамандардың қатысуымен Алпамыс батыр ауылдық округінің ақсақалдары, ауыл билерімен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ағын су, жайылым жер сонымен қатар инфрақұрылым мәселері жайлы сұрақтар қойылып, тиісті жауаптары берілуде.
Атап айтсақ алдымен Алпамыс батыр ауылдық округінде болған аудан басшысына ауыл тұрғындары округ аумағынан өтетін Ащынау каналындағы ағын су мөлшері аз екенін айтып, су жетіспеу себептері айтылды. Өз кезегінде аудан басшысы тиісті сала басшыларына ағын су деңгейін бақылауға алу сондай-ақ канал бойындағы құбырларды біртіндеп аралап, тексеріп нақты мәлімет пен ұсыныстарды дайындауды тапсырды.
Кездесу барысында ауылдық округінің жайылым жерін кеңейту мәселесі де көтіріліп, аудандық жер қатынастары бөлімі мен ауыл әкіміне заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстарды атқару үшін тапсырма берілді. Инфрақұрылым саласы бойынша қойылған сауалдар мен өтініштер назарға алынып, округ аумағындағы жеке меншік трансформаторларды ауыстыру жұмыстарын жүргізу үшін аудандық ТҮКШ бөліміне тапсырма жүктелген болса, ауылдық округінің ішкі көшелеріне шағал тас төсеу бойынша да тиісті бөлімге нақты тапсырма берілді. Берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша хаттама толтырылып, орындалуы бақылауға қойылды.
Аудан әкімі Ақментай Есбаев және аудан прокуроры Бақыт Сейфолла бүгін Біртілек және Ошақты ауылдық округінің тұрғындарымен кездеседі.
ANYQ.KZ-ақпарат