Түркістан: Көпқабатты тұрғын үйлердің терезелеріне бұғаттағыш құлыптар орнатыла бастады

Қалада балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі — терезеден құлау оқиғасы.


Көп жағдайда 2 жастан 7 жасқа дейінгі  балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін түсінетін жаста емес. 

Осыған орай Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен «Jas Otan» жастар қанатының ерікті студенттері Түркістан қаласы «Отырар» ықшам ауданынындағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына «Қауіпсіз балалық шақ» акциясын ұйымдастырды. Акция аясында «Терезеден құлаудың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, жоғары қабатта тұратын көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, яғни 5 пәтердің терезелеріне бұғаттағыш құлыптар орнатылды. Атқарылған іс – көпқабатты үйлердегі жасөспірім балалардың ата-ана назарынан тыс қалған сәтте терезені өздігінен ашып, құлап кетпеуінің алдын алады. Жалпы, басқарма қызметкерлері тұрғындар қауіпсіздігі үшін алдағы уақытта да жұмысты жалғастырмақ.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.