Түркістан: Мақтааралда балалардың қауіпсіздігі үшін рейдтік шаралар өтуде

Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның бастамасымен жазғы шомылу маусымы кезінде суға кету жағдайларының алдын алу және жол ережелерін қауіпсіздігін алдын алу мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.


Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының мамандары, аудандық ішкі істер орган қызметкерлері, төтенше жағдай қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығының ерікті жастары, ауданының жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері және ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімімінің мамандарынан құралған топ Достық су арнасының жағалауларында және аудандағы орталық көшелерде профилактикалық рейдтік жұмыстар өткізді.

«Апат айтып келмейді, су мен өрт тілсіз жау. Әсіресе суға шомылу, тұрмыстық заттарда пайдалану барысында өрттің шығуының алдын алу, қауіпсіздігін сақтау басты назарда болуы тиіс. Біздің айтқан ережелерімізді сақтап, әр кім өздеріне тиесілі ережелерді сақтауы абзал. Жаз мезгілі мазасыз маусым болатыны ақиқат, дегенмен біздің қызметкерлер әрдайым сапта» — деді Мақтаарал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.

Бөлім қызметкерлерің айтуынша, жағалаудағы демалыста, әсіресе балаларды ескерусіз қалдырмау керек. Тыйым салынған жерлерде шомылу, балаларды қараусыз қалдыру, суда жүзуді білмеу және ішімдік ішкен күйде суға түсу жағдайлары суға кетудің негізгі себептері саналады. Мақтаарал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі су нысандарындағы оқыс оқиғалардың алдын алатын қауіпсіздікті сақтау, ережелерін сақтауды талап етуде. Сонымен қатар, ауданның полиция бөлімінің қызметкерлері де рейдтік шара барысында бірнеше ескертулер жасады.

«Жол заңы — дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан-сасқалақтағаннан жолға шығып кету салдарынан жол көлік оқиғалары жиі орын алады. Жасөспірімдер арасында жол тәртібін бұзғандықтан, кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал, кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан, кәмелетке толмаған жасөспірімдер көшеде, жолда жүру оқыс оқиғаларының алдын алатын қауіпсіздікті сақтау, ережелерін сақтауды талап етеміз» — деді полиция бөлімінің қызметкерлері. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.