
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында елді мекен тұрғындарын мал жайылатын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес, осы жылдың ақпан айында Ордабасы ауданындағы ортақ жайылымдық жерлер көлемін 5000 гектарға ұлғайту бойынша қадамдық жоспары (алгоритм) бекітілді.
Аудан әкімдігінің өткен жылдың 31 желтоқсанындағы №606 қаулысына сәйкес, ауданның арнайы жер қоры есебінен бекітілген ортақ жайылымдық жерлер көлемі 8679 гектарды құраған.
Жалпы ауданы 1877 гектар жер игерілмеген және мақсатына сәйкес пайдаланылмаған жайылымдық жер телімдері аудандық прокуратураның ұсынысы негізінде Ордабасы ауданы әкімдігінің биылғы 3 наурыздағы №119 санды қаулысымен аудандық қорға қайтарылып, аудан әкімдігінің 21 мамырдағы №277 қаулысымен ортақ жайылымдық жер ретінде бекітілді.
Қазіргі таңда, аудан көлемінде ортақ жайылымға бекітілген жер көлемі – 10 556 гектарды құрап отыр. Сонымен қатар, елді мекендерге жақын орналасқан жайылымдық жер пайдаланушылармен келіссөздер жүргізіліп, аудан әкімдігінің 18 маусымдағы №348 қаулысымен жалпы ауданы 1396,16 гектар жайылымдық жерлер мен аудан әкімдігінің 30 маусымдағы №377 қаулысымен 1157,8 гектар, жалпы алғанда 2553,96 гектар жайылымдық жерлерді жер пайдаланушылар өз еріктерімен аудандық қорға қайтарылды.
Аталған жер телімдері аудан әкімдігінің келесі отырысында ортақ жайылымдық жерлер ретінде бекітіліп, ортақ жайылымдық жерлер көлемі 13109,96 га құрайтын болады.
Сондай-ақ, биыл аудандық прокуратурасымен бірлесіп бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес қосымша 3134 гектар жайылымдық жерлерді қайтарып, ортақ жайылымға бекітіп беру жоспарлануда.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
932696 835353Its rare knowledgeable folks within this subject, nevertheless, you appear like theres much more youre talking about! Thanks 197641
952453 256107Some really superb information , Sword lily I found this. 725638
931979 931029Somebody necessarily support to make seriously articles I may possibly state. That will be the quite very first time I frequented your internet page and to this point? I surprised with the research you produced to make this actual put up incredible. Amazing task! 598218
238243 66573I always was interested in this subject and nonetheless am, thankyou for posting . 121891