Түркістан: Сайрамда мобильді топтар күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуде

Бүгін Сайрам ауданы басшысы Уласбек Сәдібекұлының тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары  М.Оразалиев бастаған мобильді топ Қарабұлақ ауылындағы дәмханалар мен мал базарын аралап, өз көздерімен көріп сатушыларға бірқатар ескертулер жасалып, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына мобильді топ тарапынан ұсыныс жолданды.


Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай ақ аудандық полиция басқармасы тарапынан мобильді топ мүшелерінің анықтаған Қарабулақ ауылындағы «Жаңа мал базар» карантин талаптарын сақтамай жұмыс істегені үшін жеке кәсіпкер Хасанов Уткиржан Нематжановичке ҚРӘҚБтКодекстің 425 бап 1 бөлігімен айыппұл салынды.

«Аудан тұрғындары саусақ бірікпей, ине ілікпейді вирусты өмірімізден біржолата алыстату үшін қатаң тәртіпке бағынғанымыз абзал.

Карантин талаптарын сақтаудың ең қарапайым ережесі — арақашықтықты және маскалық режимді сақтау»,-дейді аудан басшысы.

 Ел саулығын сақтау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топтар күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.