Түркістан: Сайрамда сайлау учаскесіне алғашқы болып келген 5 сайлаушыға сыйлық бұйырды

Түркістан облысы Сайрам ауданы Құтарыс елді мекенінде сайлау науқанында белсенділік танытып, сайлау учаскесіне алғашқы болып келген 5 сайлаушыға сыйлық бұйырды.


Сондай-ақ, мұндай құрмет сайлауға алғаш рет қатысқан ең жас тұрғынға да көрсетілді. Олар сайлаудың халық үшін маңызы зор екенін жеткізді.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Ауылдық округ әкімдігіне үміткер ретінде 5 азамат өзін-өзі ұсынған. Бір үміткердің құжаттары сайлау талаптарына сай келмесе, ал екі үміткердің құжаттары отбасылық жағдайларына байланысты кері қайтарылған. Нәтижесінде саяси додаға 2 үміткер түсіп отыр.

Айта кетейік, Құтарыс ауылдық округінің халқының саны – 5 725 болса, оның 2 784-і дауыс беруге құқылы. Жалпы ауылдық округте 4 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Жалпы Сайрам ауданында үш ауылдық округтегі 12 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі жүріп жатыр.

ҚР сайлау туралы Конституциялық Заңының және аумақтық сайлау комиссиялардың сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша бекіткен талаптары негізінде облыстағы барлық 241 сайлау учаскесінде сайлаушылардың дауыс беру мерзімі жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де аяқталды. Дауыс беру уақыты аяқтала саласымен сайлау учаскелерінде бюллетеньдерді санау жұмыстары жүргізілді. Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 20:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 79%-ы дауыс беруге қатысқан. Олардың жалпы саны – 209 227 адам.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.