Түркістан: Сайрамдық шаруалар биыл өнім алуда рекорд орнатпақ

Сайрам ауданы бойынша 2021 жылдың өнімі үшін күздік бидай — 17015 га, арпа 4000 га егілген, оның ішінде 2345 га суармалы жерден шаруалар егін жинау жұмыстарын бастады.


Бүгінгі күнге Қарабұлақ ауыл округінде орналасқан «Рабочий -1» өндірістік кооперативі 40 гектар суармалы жерден әр гектарынан 23 ц/га астық орып, 92 тн өнім алуда.

Айта кету керек, 2021 жылы Сайрам ауданының көлемінде 52000 гектар жердің 17015 га-на күздік бидай егу жоспарланған.

4000 га-ға жаздық арпа, 300 га дәндік жүгері, 7250 га-ға жоспарланған мақсарының — 7300 га, 2500 га жаңа жоңышқаның — 2510 га, 4800 га көкөністің — 4850 га, 3000 га картоптың — 3100 га орындалды. Барлығы бүгінгі күнге 52000 га-ға немесе 100% жерге егістік орналастырылды.

Парға қалдырылғаны 911 га жер.

Қоректендіру күзгі бидайға тыңайтқыш салу. Жоспар — 17015 га. Орындалғаны – 14910 га, яғни 87,6%-ды құрайды. Көлкент ауылдық округінде орналасқан «Food production LTD» ЖШС жаңадан 29 га жерге қарқынды алма егілді. Дала жұмыстарын жүргізу үшін 22000 гектар жер жырту жоспарланса, орындалғаны 22050 га (100,2%).

Одан бөлек, жылыжайларға 41,7 га көкөніс егілді. Оның ішінде 10,1 га қияр, 23,82 га қызанақ, 0,5 га баялды, 2,82 га лимон, 3,66 га көкөніс көшеттері, 0,3 га болгар бұрышы, 0,500 га гүл. Егу жұмыстары толығымен орындалды.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.