Түркістан: Сайрам ауданында сайлауалды бағдарламасын орындау жұмыстары пысықталды

«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалына қарасты Ақсукент бастауыш партия ұйымы партия мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізді.


Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жиналысқа «Nur Otan» партиясының ардагерлері, мекеме басшылары, топ жетекшілері және партия мүшелерінен 40 адам қатысты. Күн тәртібінде Сайрам аудандық мәслихат депутаттарының, фракция мүшелерінің «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасын жүзеге асыру туралы есебі және «Nur Оtаn» партиясы Сайрам аудандық филиалының кезектен тыс ХLV конференциясына делегаттарды сайлау мәселесі қаралды.

Сайрам аудандық мәслихатының депутаттары Сұлтанов Сакен Әбдіәшімұлы және Исаков Акмалжан Абдухаликовичтің жол картасы бойынша жарты жылда атқарылған жұмыстар есебін берді. Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы аясында атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып өтті.

Партия мүшелері тарапынан жер, ауыз су, суармалы су, күл-қоқыс шығару және тоғандарды тазалау мәселесі бойынша сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Ақсукент бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Бекешов Бахытжан Сайрам аудандық филиалының кезектен тыс ХLV конференциясына делегаттар тізімін (жалпы 23 адам) бекітуге ұсынды. Тізім бірауыздан қабылданды.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.