Түркістан: Сауран ауданында Елбасы еккен жеміс ағашы мәуелі баққа айналды

Түркістан облысы, Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы мен Елорда күніне орай, «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атындағы бау ашылды.


Шараға аудан әкімі Ғани Рысбеков, аудандық мәслихат хатшысы Мейрамбек Күнпейісов, Ескі Иқан ауылдық округі ардагерлер кеңесінің мүшесі Әймиддин Әбубәкірұлы мен ауыл тұрғындары қатысты.

1995 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы ресми сапары кезінде Ескі Иқандағы «Ұлы қақпа» кешенінің аймағына өз қолымен жеміс ағашын отырғызған болатын. Бүгінгі таңда Елбасымыз еккен жеміс ағашы жайқалып өсіп, үлкен бауға айналды. Ескі Иқан ауылдық округінің бұрынғы әкімі, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Даныш Маннатов және Маннатовтар әулеті Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан мен Жібек жолы ауылдық округтерінде 7 бау отырғызған. Солардың бірі алғашқы ағашын Елбасы өз қолымен отырғызған «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» бауы.

Шарада сөз сөйлеген Сауран ауданының әкімі ауыл тұрғындарын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен және Елорда күнімен құттықтап, Елбасы алғашқы жеміс ағашын отырғызған жасыл баудың мәңгілік жайқалуын тіледі. Баудың ашылу рәсімінің соңында Елбасының 1995 жылғы ресми сапары мен өрік ағашын отырғызып жатқан сәтінен видеокөріністер көрсетіліп, шараның соңы әсем ән мен бүлдіршіндердің биіне ұласты.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.