Түркістан: Созақта кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жасалды

«Аshyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметтін шектеу өлшемшарттарын түсіндіру бойынша кездесу өтті.


Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалы алаңында аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбековтың бастамасымен және аудандық ардагерлер кеңесі мен аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы, аудандық полиция бөлімі, Созақ ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының басшысы, мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану орындарының иелеріне «Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №16 қаулысымен және «Аshyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметтін шектеу өлшемшарттарын түсіндіру бойынша кездесу өтті.

Жиын барысында Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 19.07.2021 жылғы №16 «Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» қаулысына сәйкес «COVID -19» коронавирус инфекциясын алдын-алу мақсатында санитариялық-карантиндік талаптардың сақталуын қадағалау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шолаққорған ауылындағы мейрамханалардың, дәмханалардың қызметкерлері мен келушілерге: бетперде режимін сақтау, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, отбасылық іс-шараларды ұйымдастыруға болмайтындығын, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептикпен залалсыздандыру және сенбі, жексенбі күндері жұмыстары толық тоқтатылатынын, сондай-ақ коронавирус инфекциясына қарсы екпе және «Ashyq» жобасының маңыздылығын айтып өтті. Сонымен қатар кәсіпкерлер тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.

Көтерілген мәселелерге байланысты Созақ ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлім басшысы, аудандық полиция бөлімінің басшысы нақты заңдылықтар бойынша түсіндірді. Жиын соңында аудандық ардагерлер кеңесі мен аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында қабылданған шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырды.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.