Созақ аудандық мәслихаттың депутаттары бірқатар салынып жатқан әлеуметтік нысандардың, соның ішінде мұражайдың, Ә. Молдағұлова атындағы мектептің қосымша жайының, Ақшам мөлтек ауданындағы жарықтандыру құрылыс жұмыстарының өндірістік кестесіне сай жүргізіліп жатқан жұмыс жүйесімен танысып, кем —кетік кемшіліктеріне мән беріп, ұсыныс —пікірлерін, ескертулерін жасады.
Ел игілігіне берілгелі отырған әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарының сапасына тереңірек мән беріліп, сын ескертпелер назарға қойылды. Бұдан соң, халық қалаулылары Жартытөбе ауыл әкімдігіне қарасты шаруалармен жүздесіп, мал азығының, яғни жеп шөптің тұрақтылығына байланысты сөз, кәсіпкер мен тұрғындар арасындағы пәтуаға өз пікірлерін білдіріп, жем шөптің баға тұрақтылығы жөнінде нақты келісімге пікірлерін білдіріп, ортақ келісімнің жарасымдылығына ықпал етті. Халық қалаулылары жиналған бұл жиынға аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Кайырбек Мейірманов қатысып, жем шөптің, нақтырақ айтқанда багара яғни дала шөбі мен суармалы шөптің нақты жұмсалу бағасын шығарып, кәсіпкер мен тұтынушының ортақ шығыны мен пайдасын есептеп шаруаларға жалпы орта есеппен тұрақты бағаның үлгісін ұсынып көрсетті. Нақтырақ айтқанда дала шөбін 400 теңгеден, суармалы алқаптың шөбін 500 теңгеден жергілікті шаруаларды қамтамасыз ету көзделді. Сонымен қатар, бұл алқалы жиынға төтенше жағдай мамандары да қатыстырылып, жазғы ыстықта дала еңбегінде орын алатын өрт, келеңсіз жағдайларға байланысты түсіндірме жұмыстарын жасап, ескертулерді назарға қойды. Ауыл әкімі Б. Есенқабыл кәсіпкерлер мен шаруалар арасындағы өзара ынтымақтастық жұмысын бір жүйеге қойуды назарға алып, нақты жұмыстың жүргізілетінін алға тартты. Айта кету керек, бұл жиынға «Атамекен » ұлттық кәсіпкерлер палатасының Түркістан облысы, Созақ аудандық филиалының директоры А. Анарбаев, аудандық кірістер комитетінің маманы қатысып шаруаларға өз ұсыныс, пікірлерін білдіріп, түсіндірме жұмысын жасады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат