Түркістан: Тұрғындар өтініш айтты, басшылар орындауға уәде берді

«Nur Otan» партиясы Түркiстан облыстық филиалы Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғындар арасында Қазақстанның Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру және оның негiзгi бағыттарын түсiндiру мақсатында тапсырмасын орындауда өз жұмыстарын жаңаша құрып, жетiлдiре түсуде.


Соның бiр көрiнiсi ретiнде азаматтарды көшпелi қабылдау дәстүрлi жүзеге асырылып келедi.

Бүгiн «Nur Otan» партиясы Түркiстан облыстық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес, Шардара ауданында көшпелi қоғамдық қабылдау өткiзiлдi. Қоғамдық қабылдауды «Nur Otan» партиясы Түркiстан облыстық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары, фракция жетекшiсi Бейсен Тәжiбаев жүргiзiп отырды. Жиынға аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай, сонымен қатар облыстық басқармалар мен құқық қорғау органдарының жауапты өкiлдерi қатысып, тұрғындардың өтiнiштерi мен ұсыныстарын тыңдады.

Жалпы көшпелi қоғамдық қабылдауда 13 адамның өтiнiшi тыңдалды.

Атап айтқанда, қаладағы мөлтекаудан билерi – Есенбек Қаханов пен Есенгелдi Сариевтер Ақбала шағынауданындағы М.Сапарбаев көшесiне аяқжол салу, Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектеп алдына жасанды жол кедергiсiн салу жайлы тұрғындар атынан өтiнiш айтты. Алатау батыр ауылының тұрғындары – Орынбасар Тiлеков пен Жолбарыс Сейдiллаев ағын су мәселесi мен мал шаруашылығымен айналысатындарға Үкiмет тарапынан берiлетiн көмектердiң, субсидиялардың кешiгiп жететiнiн, жеңiлдетiлген жанар-жағармайды жеткiзуде де осындай түйiндi мәселе бар екенiн атап көрсеттi. Қала тұрғындары – Ибрагим Бектұрсынов пен Қасымбек Сәдуов көшелерге суағар салу, жарықтандыру мәселелерiн жеткiздi. Мал шаруашылығымен айналысқысы келетiн Қуаныш Тұрғанбай жайылымдық жер iздестiрiп жүргенiн жеткiзсе, Ләззат Орынбаева мен Аёна Серiкбаевалар атаулы әлеуметтiк көмек алу жайлы кеңестер сұрады. Сонымен қатар, Салтанат Қадырова М.Горький атындағы жалпы орта мектептiң жанынан қосымша ғимарат салынбаса келешекте үш ауысымды мектепке айналып кететiнiн, Мейiржан Әлиев қашықтықтан оқыту барысында оқушыларға берiлген компьютер, планшеттердiң мектепке қайтарылғанын, оларды мұғалiмнiң пайдалануына болатын-болмайтынын сұрады. Мекемтас Сабырдин мен Ермек Рахматулла ауылдық елдi мекендерде заман талабына сай спорт кешендерiн салса, желкендi қайық спортын дамыту мақсатында жұмыстар атқарылса деген өтiнiштерiн бiлдiрдi.

«Nur Otan» партиясы Түркiстан облыстық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Бейсен Тәжiбаев барлық сұрақтар мен мәселелер партиялық бақылауға алынатынын айтып, тиiстi басшыларға ұсыныстарын жеткiздi. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.