Түркістан: Төле би ауданында балалардың саны артқан

Қазақ халқында отбасы жөнінде көптеген нақыл сөздер мен мақалдар бар. «Отан отбасынан басталады», «Менің отбасым – менің байлығым!», «Жанұя – бақыттың тірегі» деген сөздер ешқашан құндылығын жоғалтқан емес.


Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын жандар, оны ұрпақ санасында қалыптастыратын ардақты әкелер мен аяулы аналар.

Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері екен. Бүгінде ата-ананың ақылын тыңдап, отбасын құрған жастар арасында ажырасу саны азайып отыр. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, Төлеби ауданы бойынша 2021 жылдың алты айында ажырасу саны азайып, туылған нәрестелер саны артып отыр. 2020 жылдың 6 айында 1387 бала дүниеге келсе, 2021 жылдың 6 айында 1699 балаға өскен. Неке қию 304 -тен 385- ке артты. Неке бұзу 44- тен 29-ға азайған. Бұл отбасы құрған жастардың шаңырақтарын нығайтып, өсіп-өніп жатқанының бір көрінісі. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.