Түркістан облысынан Солтүстік өңірлерге 2015-2020 жылдар аралығында барлығы 6 033 мүшесі бар 1 709 отбасы қоныс аударды.
Бүгінгі таңға дейін қоныс аударғандардың басым бөлігі тұрғын үймен және жұмыспен қамтылған. Өз кәсібін ашамын деушілерге егін, мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері ұсынылған. Сондай-ақ, 2021 жылдың қаңтар-қараша аралығында Солтүстік өңірлерге облыстан 1 745 мүшесі бар 385 отбасы қоныс аударды. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді.
Айта кетерлігі, облыста «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен қазіргі таңда нақты 85 942 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан.
«2021 жылдың 1 қарашасы бойынша 1 872 жаңа жұмыс орны құрылып, 1 377 адамға міндетті зейнетақы жарнасы аударылған. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 886 адам жолданды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасын іске асыру мақсатында қазіргі таңда нақты 225 адам жолдама алған. Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 2 501 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді», — деді Әсия Құралқызы.
Бұдан өзге, 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыста 41,5 мың отбасыға 11,2 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Олардың ішінде еңбекке жарамды 64 656 адамның 47 мыңы жұмыспен қамтылды.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
Mobile phone remote monitoring software can obtain real — Time data of the target mobile phone without being discovered, and it can help monitor the content of the conversation. https://www.xtmove.com/track-the-location-of-another-phone-without-being-detected/