Түркістан облысындағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы алдағы 5 жылда 99,5%-ға жеткізілмек

Түркістан облысында 2,3 шақырым жол жөнделеді.


Облыстағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің сапасын арттыру мәселесі облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында. Түркістан облысында алдағы 5 жылда 2,3 мың шақырым жол салынып, жөндеуден өтеді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында оңтүстік-батыс айналма жолы, Сарыағаш қаласын айналма жолы, Түркістанның Шығыс айналма жолы, сондай-ақ Түркістан-Шымкент-Ташкент жүрдек теміржол магистралі салынады.

Түркістан облысында жыл соңына дейін жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 79 %-дан 81,4%-ға арттыру көзделуде. Бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 90%-ға арттыру жоспарланған. Биыл автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген қаражаттың басым бөлігі жергілікті маңызы бар жолдарға бағытталады. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 300-ден астам нысан, не 1200 шақырымға жуық жолдар мен көшелер қамтылған. Жыл соңына дейін 700 шқ. жол пайданалуға беріледі.

Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандары аумағында ұзындығы 478 шқ. жолдар күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде. Одан бөлек, осы аудандарда облыс әкімінің тапсырмасымен жалпы ұзындығы 180 шқ. асатын 11 облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өткізілуде. Бұл жолдарды қыркүйек айында толықтай пайдалануға беру жоспарлануда. Жолдар Қазығұрт, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек аудандары мен Арыс қаласында да жүргізіліп жатыр.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.