Түркістан облысында алдағы бес жылда 5 көкөніс қоймасы мен 24 жылыжай салынады

Түркістан облысында алдағы бес жылда 5 көкөніс қоймасы мен 24 жылыжай салынады.


Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың айтуынша, 2020 жылы республиканың ауыл шаруашылығының жалпы өнімінде Түркістан облысының үлес салмағы шамамен 12% болып, 729,7 млрд теңгеге жеткен.

Бұл — ел бойынша үшінші көрсеткіш саналады.

«Өңірді дамытудің кешенді жоспары аясында бес жыл ішінде 93 жобаны іске қосу жоспарланған. 232,7 мың тонна көкөніс алуға мүмкіндік беретін 24 жылыжай, 76,2 мың тонна өнім беретін 15 бақ шаруашылығы, өндірістік қуаты 143,3 мың тонна өсімдік өңдейтін 9 кешен, сондай-ақ сыйымдылығы 19,3 мың тонна болатын 5 көкөніс сақтау қоймасын салу көзделіп отыр», — деді Айдарбек Сапаров.

Вице-министр 7,6 мың гектар алаңда ауыл шаруашылығы жерін суару бойынша 10 жоба іске асатынын айтады.

«Мал шаруашылығында өндірістік қуаты 32,7 мың тонна ет шығаратын 13 бордақылау алаңын, жалпы қуаты 25,5 мың тонна сүт өнімін беретін 4 тауарлық сүт фермасын салу жоспарлануда. Сондай-ақ, жалпы қуаты 61,2 мың тонна құс етін өндіретін 3 құс фабрикасын және қуаты 81,6 мың тонна ет өнімдерін өңдейтін 6 зауытты іске қосу жоспарланды. Бұдан басқа, Жол картасы аясында ветеринариялық препараттар шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр», — деді АШМ өкілі.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.