Түркістан облысында көппәтерлі тұрғын үйлердің бірлестігі құрылады

Түркістан облысында көппәтерлі тұрғын үйлердің бірлестігі құрылады.


Жалпы, Түркістан облысында 1 475 көппәтерлі тұрғын үй бар. Олардың ішінде басқару органдарын құруды қажет ететіні 1 348, қалған 127-сі коммуналдық меншікте.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, кондоминиум нысандарын басқару, күтіп-ұстауды қаржыландыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін меншік иелерінің бірлестігі құрылады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бақтыбек Убайдин мәлімдеді.

«Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі – нысандарды күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға. «Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі таңға 456 басқару жүйелері құрылды, оның ішінде 34-і меншік иелері бірлестігі және 422-і жеке серіктестік», — деді Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бақтыбек Тоқбергенұлы. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. You’re in point of fact a just right webmaster. This website loading speed is
    amazing. It seems that you’re doing any distinctive
    trick. Also, the contents are masterpiece. you’ve performed a fantastic job on this topic!
    Similar here: najtańszy sklep and also here: Sklep

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.