
Жетісайлық тұрғын аула сыпырушы жалғызбасты анаға баспана сыйлады.
Екі қыз өсіріп отырған Назгүл Шадманова баспанаға қол жеткізе алмай келе жатқанына бірнеше жыл болған.
Тағдырдың тауқыметін тартқан ана жомарттық танытқан азаматқа шексіз алғысын білдірді. Ол Жетісай қаласындағы орталық базарда аула сыпырып, қыздарын асырап жүр. Тапқаны пәтерақы мен азық-түліктен артылмайды. Келіншек күндіз-түні уайымға салынып келгенін жасырмайды. Енді күтпеген жерден баспаналы болып, қуанышқа кенелді.
«Жаңа үйге қажетті жиһаздары мен азық-түлігіне дейін беріп отыр. Енді бар тапқанымды қыздарымды тарықтырмай өсіруге жұмсаймын. Игі іс жасап отырған азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ», – дейді Н.Шадманова.
Ал, қайырымды істің бастамашысы болған — «Нәр-Тамшы» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Ермахан Рахматулла. Ол бұған дейін өз қаражаты есебінен 10-ға жуық отбасыға баспана тарту еткен болатын. Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында 80 гектар жерге 200 пәтерлі 6 көпқабатты үй салынуда. Жыл соңына дейін бірқатар үйдің құрылысы аяқталып, ондағы пәтерлер баспана кезегінде тұрған аз қамтылған отбасыларға үлестіріледі деп жоспарланып отыр.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
966168 358039To know wisdom and instruction, to perceive the words of understanding 91020
811384 282199woah i like yur web site. It genuinely helped me with the details i wus looking for. thank you, will save. 280991
569058 315594Hmm, I never thought about it that way. I do see your point but I feel a lot of will disagree 848693
28465 468872Glad to be 1 of several visitants on this awful site : D. 377035