Түркістан облысы тұрғындары полицияға 149 қару тапсырды

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының 5 тұрғынынан 6 дана аңшы мылтығы алынды.


Қарулар еш жерде есепке алынбаған. Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, алдағы уақытта ерікті түрде тапсырылған әрбір қару-жарақ үшін мемлекет тарапынан ақшалай сыйақы төленеді. Оның көлемі қарудың техникалық жай-күйіне байланысты.

Облыста барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің техникалық жай-күйін анықтау мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құрылды. Тәртіп сақшылары өз еркімен тапсырған азаматтарға қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара кезінде полиция органдары заңсыз айналымнан 149 атыс қаруын тәркіледі. Оның ішінде бірнеше аңшы мылтығы, тегіс ұңғылы қару, газды қару, травматикалық қару алынды. Полиция қызметкерлері тұрғындарды аталмыш акцияға белсенді қатысуға шақырады. Сәуір айынан бастап елімізде заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу акциясы өтуде.

Республикалық ауқымда қолға алынған «Қару» шарасының мақсаты — азаматтарда заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау. Қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу, заңсыз айналымнан қару мен оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.