Түркістан облысы: 50 шақырым күре жол қайта құру, күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде

Биыл Түркістан-Балтакөл, Кентау-Ащысай, Шымкент-Қарамұрт, Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шарапхана-Жаңабазар бағыттарындағы жолдарды пайдалануға беру және Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталады.


Түркістан — Балтакөл, Түркістан-Қарнақ-Кентау бағыттарында 80 шқ. автомобиль жолдары күрделі және орташа жөндеуден өткізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Түркістан-Қарнақ-Кентау, Кентау-Ащысай бағыттарындағы 53,7 шқ. жолдарды орташа жөндеуге тиісті қаржы қаралды. Шардара-Арыс бағытындағы жалпы ұзындығы 41 шқ жолдың күрделі жөндеу жұмыстары тамыз айында толығымен аяқталатын болады. Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шымкент-Көксәйек бағыттарындағы 50 шқ. күре жолдар қайта құру, күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде. Жаңарған жолдар қыркүйек айына дейін ашылады.

Отырар ауданының Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм және Отырар қалашығы бағыттарында 42 шқ. жолды орташа жөндеуге тиісті қаржы қаралды, нысандар келесі жылға өтпелі. Ордабасы ауданының Темірлан-Қызылсеңгір, Қайнар-Ұялыжар, Бадам-Шұбар бағыттарындағы 68,4 шқ құрайтын жолдарға орташа жөндеу жұмыстары басталатын болады. Нысандар келесі жылға өтпелі.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.