
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында «Aqua the best» сауда белгісімен ауыз су өндіретін цех іске қосылды.
Жылына 2 400 тонна өнім беруге қауқарлы мекемеде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы бүгін брифингте Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі таңда «Қазығұрт» индустриалды аймағында жалпы құны 7,3 млрд теңге болатын 200 адамға жуық жұмыс орны бар 5 кәсіпорын жұмыс істейді.
«Ауданымыздағы шағын және орта бизнес саласы да қарқынды дамуда. Бүгінге дейін тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 9 251-і жұмыс істеп тұр. Олармен 13 780 адам жұмыспен қамтылып, саладағы өндірілген өнім көлемі 15 млрд 967,8 млн теңгеге жеткен», – деді аудан әкімі.
Жиын барысында аудан басшысы кәсіпкерлерге тиісті деңгейде барлық қолдаулар көрсетіліп жатқанын да тілге тиек етті. Мәселен, қаржы ұйымдары арқылы жыл басынан бері 1500-ге жуық азамат жеке кәсіп бастау үшін 1 млрд 87,7 млн теңге көлемінде несие алған. Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы құны 442 млн теңгеге 18 ауыл шаруашылығы бағытындағы жобалар қаржыландырылған.
«Түрлі деңгейдегі мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі 4 айда 9 млрд 164,7 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млрд 30,9 млн теңгеге ұлғайған. Оның 7 млрд 903,1 млн теңгесі — мал, 1 млрд 237,6 млн теңгесі — егін шарушылығына тиесілі», – деді А.Айдарұлы.
Сонымен қатар, аудан әкімі инфрақұрылым саласындағы мәселелердің де кезең-кезеңімен шешіліп келе жатқанын жеткізді. Мәселен, аудандағы 64 елді мекеннің 59-на таза ауыз су жүйесі тартылып, қамтылу деңгейі 92,2 пайызға жеткен. Жыл соңына дейін 93,7 пайызға орындау жоспарланған. Ал, ауданның 73 пайызы көгілдір отынмен қамтылса, 98,4 пайызы орталықтандырған электр желісіне қосылған.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
438373 331746I like the valuable info you provide in your articles. Ill bookmark your weblog and check again here regularly. Im quite certain I will learn lots of new stuff right here! Greatest of luck for the next! 749798
751567 677833I believe that a simple and unassuming manner of life is finest for everyone, best both for the body and the mind. 199095
600480 578169Somebody necessarily assist to make seriously articles I may possibly state. That will be the quite first time I frequented your internet page and to this point? I surprised with the research you produced to make this actual put up wonderful. Wonderful task! 553715
850430 208603Valuable information. Fortunate me I discovered your internet web site by chance, and Im surprised why this twist of fate didnt happened earlier! I bookmarked it. 494148
Explore the ranked best online casinos of 2025. Compare bonuses, game selections, and trustworthiness of top platforms for secure and rewarding gameplaycasino bonus.