Түркістан: Қалада 6 сектор құрылып, тұрғындарға қызмет көрсететін орталықтар ашылады

6 Сектор — қала аумағындағы өзекті мәселелерді бақылауға алып, жүйелі түрде шешуге ықпал ететін орталықтарға айналатын болады.


Бұл бойынша шаhар басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы тиісті мамандарға «Яссы», «Сауран», «Шавгар», «Бекзат», «Отырар», «Бірлік» секторлары бөлінісін әзірлеуді тапсырды.

«Халықпен жұмыс жүргізу секторларында» 30-дан аса азамат жұмыспен қамтылып, тұрғындармен тығыз байланыс орнатпақ.

Қызметкерлер халықпен коммуналдық мәселелер, тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек, табиғи газды пайдалану туралы ақпараттар ұсынып, көшелердің көгалдандырылуы, абаттандырылуы, тазалығының үйлестірілуін қамтамасыз етеді, аумақтағы тұрғындардың мәселелерін назарға алып, шешілуі үшін жұмыс атқаратын болады.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков секторлар орналасатын ғимараттарды аралап, қызмет көрсету мүмкіндігі мен деңгейін саралады, мамандар және келуші тұрғындар үшін оңтайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар берді.

«Бұл — әр тұрғынның кез-келген уақытта келіп, өз мәселесін ашық жеткізе алатын орталыққа айналуы тиіс. Әрі, ешқандай мәселе назардан тыс қалмауы керек. Секторларда азаматтарға құқықтық кеңес беру жұмысын да қолға алғанымыз абзал» — деді қала басшысы өз сөзінде.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.