Түркістан: Қоғамдық қабылдау жалғасуда

Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясында қалалық мәслихат депутаты Тәжібек Мұсаев бекітілген кестеге сәйкес, қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар мәселесіне назар аударды.


Қоғамдық қабылдау барысында Айман Айтуреева есімді азаматша тұрғын үй кезегінің мәселесі бойынша келген. Жалпы қазіргі таңда көп адамды алаңдатып отырған тұрғын үй мәселесі өз кезеңімен шешіліп жатыр. Себебі, белгіленген 7 категорияға жіктеу арқылы тұрғындарға үй кезек бойынша берілуде. Айманның кезегін тиісті мекемелерден сұратып анықтау арқылы алдағы уақытта ол кісіге тіркелген кезегі бойынша баспана берілетіндігі мәлім болды. Алайда, баспаналы болғанға дейінгі мәселесін өз жауапкершілігіне алып, тұратын мекен – жай тауып беретіндігін жеткізді.

Екінші кезекте қала тұрғыны Сурай Туйжанова есімді азаматша «Диадора» дәмханасында администратор қызметінде жұмыс жасайды. Ол қаламызда кіші арбатта өткен «Тағамдар фестивалі» нәтижесінде сертификатқа ие болған, алайда сол кіші арбаттан өз кәсібін ашуға берілетін жерге ие бола алмай қалған. Осы мәселе бойынша кеңес сұрап келген Сурайға қалалық әкімдік арқылы қаулы шығартып, кіші арбаттан кәсіпке арналған жер алуға рұқсат берілетіндігі туралы бағыт-бағдар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, осы аптада облыстық мәслихаттың депутаттары Шолпан Бегалиева, Бекарыс Шойбеков және қалалық мәслихат депутаты Угилжан Васитова қоғамдық қабылдау өткізді. Шолпан Маратқызына келген қала тұрғыны, көпбалалы Мөлдір Стамкулова отбасына кіретін табысының жоқтығын, жолдасы жұмыссыз екенін алға тартып, әлеуметтік көмекке мұқтаж екенін айтты. Депутат тұрғынның мәселесімен толық танысып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен нақты жауабын біліп, анықтап, бақылауға алатынын жеткізді. Ал, Угилжан Сабыржанқызының қабылдауына үш тұрғын келді. Алғашқы болып, Мадина Аташева мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмек сұрап келген, мамандығы есепші, Инабат Пирметова аз қамтылған отбасы, әлеуметтік көмекке мұқтаж, қаржылай көмек сұраса, Тәжікүл Көшкімбаева баласы 3-ші топ мүгедегі жұмысқа жарамсыз, келіні астма ауруымен есепте тұрады, баласын тұрғын үйдің кезегіне қоюға ықпал етуін өтінді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.