Түркістан қаласындағы індет таралуының алдын алу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда

Түркістан: Мобильді топ мүшелері 97 нысанды аралады.


«Сары аймаққа» енген Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуы қатаң қадағалануда. Атап айтқанда, қала әкімдігі мен полиция қызметкерлері құрамына енген 10 мобильді топ күнделікті таңғы уақыттан бастап бақылауда. Талаптарды бұзған жайт бойынша хабар берілсе, жұмыстар түнгі уақытта да жалғасады.

Кезекті мониторингтік жұмыстың түнгі қадағалауы барысында 97 нысан араланып, шекті уақыттан асып жұмыс жасағаны үшін балмұздақ дүкеніне, «Жұлдыз» кафесі шара өткізгені үшін хаттама толтырылды. Айта кетерлігі, облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің Қаулысына сәйкес жұмысы тоқтауы тиіс нысандардың әрекеті белгілі болып, кәсіп иелеріне ескертулер берілуде.

Айта кетейік, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мобильді топ жұмыстары мен вакцинациялау барысын бақылау мақсатында комиссияның кезекті отырыс өткізген болатын. Қала басшысы қауіпсіздік шараларын қатаңдатуды, мобильді топтың жұмысын күшейтуді ескертіп,Бизнесті қолдау және туризм бөліміне Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Полиция басқармаларымен бірлесе отырып тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында түсіндіру шараларын арттыруды тапсырды.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.