
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде азық-түлік бағаларының өсуіне қатысты бақылау жасауды және тұрақтандыру қорлары арқылы азық-түлік тауарлары нарығын тұрақтандыруды тапсырды.
Осы тапсырманы орындау мақсатында Түркістан облысының әкімдігі 2021 жылға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру» іс-шаралар жоспарын бекітті.
Ресми статистикаға сәйкес 2021 жылғы 7 шілдеде республиканың 19 ірі қалаларының арасында Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 110,8% — ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша қала 17-орында.
Ағымдағы жылдың III тоқсанында бекітілген шекті бағалардан 15% — ға жоғары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 4 түрі бойынша өсім болды.
Олардың ішінде, күнбағыс майы — 773 теңге 47,0% — ға (шекті бағасы 526 тг), басты пияз — 85 теңге 49,1% – ға (шекті бағасы 57 тг), картоп-75,3% — ға 163 теңге (шекті бағасы 93 тг), сәбіз-251 теңге 122,1% — ға (шекті бағасы 113 тг).
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының III тоқсанда шекті бағадан 15% — ға өсуіне байланысты, ӘМАТ бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында облыс орталығында халық көп шоғырланған сауда нүктелері мен шағын аудандарда санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
252966 581737Hi there! Fantastic stuff, please do tell me when you lastly post something like that! 261499
408131 543166Some genuinely marvellous work on behalf of the owner of this internet site, utterly outstanding content. 753011