Түркістан: 678 адам ревакцинацияланды

Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр.


Түркістан облысында 1028569 адам екпе қабылдады. Екінші компонентпен 967996 адам вакцина алды. Кейінгі тәулікте 189 адам екпе салдыруға ниет білдірген. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 5 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,03% % құрайды. Облыста пандемия басталғалы 1 142 105 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 663-і бос. Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 647 жағдай тіркелді. Олардың 7722-да ауру симптомсыз өткен болатын. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.

Сондай-ақ Түркістан облысында қазіргі таңда 678 адам ревакцинация алды. Айтып өтейік, ревакцинация 1 ғана дозамен жүргізіледі. Сонымен қатар алдында «HayatVax», «QazVac», «CoronaVac», «Синофарм» вакциналарын салдырғандар араға 6 ай уақыт өткенде және «Спутник V» вакцинасын салдырғандар арада 9 ай уақыт өткен соң вакцинаның кез-келген басқа түрін қабылдауларына болады.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.