Тұңғыш Президент күні елордада қанша нәресте дүниеге келді

Тұңғыш Президент күні туған сәбилердің аналарын қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов пен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Қаладағы ауруханалардың акушерлік блоктарында 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні 27 бала дүниеге келді, оның 16 — сы — қыз, 11-і-ұл бала.

Оларға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттар мен жаңа туған нәрестелерге балалар комбинезоны түріндегі сыйлықтар табыс етілді.

«Сіздерді сәбидің дүниеге келуімен және 1 желтоқсан мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін сіздер үшін қос мереке. Сіздерге және балаларыңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Сәбилер еліміздің мақтанышы болып өссін», — деді Асхат Оралов.

Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Бұл эстафетадағы ең басты мақсат — қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.