Биыл ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толды.
Абай Құнанбайұлының мерейтойы мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, соның ішінде ЮНЕСКО аясында аталып өтілді. Абай – ақын, Абай –дана. Халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама ақынның шығармаларының әлі күнге дейін құндылығы жоғалмауы біз үшін үлкен мақтаныш.
Ленгір қаласындағы «Абай» аллеясында ұлы ақынның туған күніне орай, мерекелік іс-шара өтті. Ауданның зиялы қауым өкілдері Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев оның қара сөздерінен үзінді оқыды. Мерекелік іс-шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Әбдиев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Әсілбек, зиялы қауым өкілі С.Бекмұрзаев қатысып, ұлы ақынның өмір жолы мен шығармалары жөнінде әңгімеледі.
— Ұлы ақынның шығармалары бүгінде өзектілігін жоғалтқан емес. Ақынның ой-тұжырымдары, қара сөздері, өлеңдері баршамызға қашанда рухани азық болып табылады. Абай шығармашылығы қазақ халқының ұлы мұрасы. Ақынның өшпес сөздері қаншама жылдар өтсе де ұрпақтың жадынан кетпейді, — деді Ә.Шыңғысбаев.
«ANYQ.KZ» — ақпарат