Сессияға аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы өз орынбасарларымен, мәселеге қатысты дербес бөлім басшылары, қала және ауыл округ әкімдері қатысып отырды.
Кезектен тыс сессияда: Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 маусымдағы №5/32-VІI «Аудандық мәслихаттың алдағы болатын кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы» шешімнің күшін жою туралы; Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы №3/15-VII «Аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу; Төлеби аудандық жер комиссиясының Ережесін бекіту туралы, сондай-ақ, Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы №3/21-VII «Төлеби аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелері қаралып, бекітілді. Одан кейін, Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №54/322-VI «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесін тағыда зерделеніп, талқылану қажет екені айтылып, үзіліс жариялансын деген шешім қабылданды.
Сессия тікелей эфирде көрсетілді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат