Төлеби ауданы: Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыру тапсырылды

Төлеби ауданы: Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыру тапсырылды. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Л.Серікбаевтың төрағалығымен 2021 жылдың тамыз айының 5 – күні ауданның ауыз су, автомобиль жолдары, түнгі жарық, ескірген электр бағаналары және табиғи газ салаларындағы өзекті мәселелерді қарау бойынша талқылау отырысы өткізілді. Бұл талқылау отырысында ауданның ауыз су саласындағы өзекті мәселелер қаралды, атап айтқанда Леңгір қаласын тәулігіне 24 – сағат ауыз су мен қамту,Көксәйек және Бірінші Мамыр елді мекендеріндегі қосымша бұлақ көздерінің басын каптаждап аталған елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Сонымен қатар аудандық маңызы бар автомобиль жолдары, елді мекен ішіндегі ішкі жолдар, ескірген электр бағаналары және табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша бірінші кезекте шешімін табуды қажет ететін мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданып, мекеме басшыларына жұмыстарды мерзімді және сапалы орындалуы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.