Төле би ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде

Төлеби ауданында биыл 180 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Атап айтар болсақ, өткен жылы  ауданда 66 отбасы тұрғын үймен қамтылған. Биыл Ленгір қаласындағы I мөлтек ауданында 5 қабаттан тұратын әрқайсысы 20 пәтерлі 9 үйдің құрылысы аяқталып, 180 отбасын тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр. Жалпы аумағы 11 000 шаршы метрді құрайды.

Сонымен қатар, Қасқасу ауылдық округі Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас және Кеңесарық елді мекендеріне газ кіргізу жұмыстары жүргізілуде. Қасқасу ауылдық округі бойынша 65,7 шақырым газ құбырын тарту жоспарланған. Бүгінгі күнге 10 шақырым газ құбырының шұңқыры қазылды.

Қазіргі таңда Төлеби ауданындағы 55 елді мекеннің 48-і толық табиғи газбен қамтылған. Алдағы уақытта  Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Қасқасу, Жоғары Қасқасу, Керегетас, Кенесарық елді мекендеріне көгілдір отын кіретін болады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.