Шардарада табылған балбал тас мұражайда сақталатын болды

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шардара ауаны аумағынан табылған балбал тас біздің заманымыздағы І-ІІІ ғасырларға тиесілі. Көне ескерткіш өз заманының атақты қолбасшысына арнап жасалуы мүмкін, деген де болжам бар. Өйткені балбал тас бетінде әскери бас киім анық бейнеленген. Табылған тас мүсін мұражайдан орын алып, облыстық тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізу жөнінде құжаттар әзірленіп жатыр.

Көне жәдігерді тапқан жер иесі – Төребековтер әулеті. Тасты Шардара су қоймасына жақын маңдағы Шекертөбе жерінде мал бағып жүріп, тауып алған. Тас мүсінді шаруа қожалық иесі мұражайға аман етті. Құнды жәдігер табылған аумақта қазба жұмыстары жүргізілуі мүмкін.

Балбал – тастан қашалып жасалған адам бейнесіндегі ескерткіш. Яғни соғу, қағу, ұру дегенді білдіретін қос сөзден тұрады. Түркологтардың пікірінше, балбал сөзі «тасты тіп-тік етіп қадап орнатқан белгілер» деген мағынаны білдіреді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.