Шымент: «Бизнес бастау» жобасы кәсіпкерлікке жол ашады

Шымкентте «Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту басталды.


Аталған жоба аясында оқыту 4 кезеңнен тұрады. Біріншісі маусым айында (онлайн оқыту 10 мамыр күні басталып кетті). Екінші кезең шілде айында, үшінші кезең тамыз айында және төртінші кезең қыркүйек айында жүргізіледі. Оқу аяқталған соң әрбір қатысушы емтихан тапсырады. Сынақты жақсы тапсырған азаматқа сертификат табысталып, мемлекеттік грантқа үміткер бола алады. Тест сынағын үздік тапсыра алмаған азаматтарға оқу курсын тәмамдағаны туралы сертификат беріледі.

«Бизнес бастау» жобасына қатысу үшін алдымен Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығынан жолдама алу керек.

Негізінен жобаға 18 жас пен зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар, жұмысқа қабілеті бар мүгедек жандар (арнайы дәрігердің рұқсат қағазымен) қатыса алады.

Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылар (АӘК алатын), көп балалы отбасының мүшелері және қоныс аударушылар мен оралмандар «Бастау бизнестің» сертификатынсыз мемлекеттік грантқа үміткер болуға мүмкіндік бар.

Грант қайтарымсыз болғанымен мониторинг топ тарапынан арнайы тексеру жұмысын жүргізіп отырады. Яғни, бұл – әлеуметтік көмек емес, кәсібін бастауға ынталы кісілерге бизнес жоспарын іске асыруына жасалып жатқан мүмкіндік. Егер бағдарламаға қатысушылар аталған грантты мақсатты жоспар бойынша жұмсамаған жағдайда қаражат қайтарып алынады.

Айта кетейік, биыл Шымкент қаласында 1 422 адамға грант бөлінген. Алайда жыл соңына дейін қаржы қажеттілігі туындаған жағдайда Республикалық бюджеттен қосымша қаржы сұралатын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

  1. 245018 682458Im impressed, I ought to say. Genuinely rarely do you encounter a weblog thats both educative and entertaining, and let me tell you, you may have hit the nail about the head. Your concept is outstanding; ab muscles something that too couple of individuals are speaking intelligently about. Im delighted i discovered this in my hunt for something about it. 639410

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.