Шымкентке үш жылда 2 мыңға жуық қандас қоныс аударды

Шымкент – республикалық маңызы бар қала деп танылғанына 3 жылға жуық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында көрші елден 1275 отбасы қоныс аударып келсе,  1999 азамат қандас мәртебесін алып үлгерді.


Бұл жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.

Қалаға жыл басынан бері көшіп келген 227 отбасындағы 300-ден азаматқа қандас мәртебесі берілді. Елге оралғандардың дені Өзбекстан Республикасынан қоныс аударған.

Шаһарға қоныс аударғандардың 3% алыс шетелдерден келсе, 0,6% Ресей мен Қытай келіп отыр.

Алыс-жақын шетелден көшіп келген қандастар қалада 11 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан оралманды бейімдеу және ықпалдастыру орталығына орналасады.

Арнайы орталықта жарты жыл заңнамаға сай бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін алады. Қазіргі таңда, орталықта 12 отбасы елге бейімделуде. Олар дәнекер, массаж, компьютерлік графика, шаштараз, есепші, кондитер, тігінші, сантехник, электрик, жиһаз жинаушы мамандақтарына машықтанып, кәсіп үйреніп отыр.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.