Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мəлімдеді.
– Қала тұрғындарына қызмет көрсететін 9 ПТР зертханасы ашылған. Олар күніне 3500-ге жуық тест жасау мүмкіндігіне ие. Бүгінде тəулігіне 1500 бен 2000-ның арасында тест қабылдауда. Яғни, осы күнге дейін 116 591 ПТР тесті өткізілген. Ал төсек-орын жайлы жеткізсем, қалада 1 060 төсек-орын бар. Оның 560-ы жұқпалы ауруларға, 500-і карантиндік ауруларға арналған. Қазіргі таңда жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 156 науқас ем алуда, – деді Бақытжан Жолдасбекұлы.
Басқарма басшысының айтуынша, үшінші мегаполисте эпидемиологиялық ахуал үнемі бақылауда және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында көптеген жұмыс атқарылып жатыр.
Айта кетейік, қалада 2020 жылдың 24 наурызынан 29 қазанына дейін коронавирус инфекциясының 5 231 жағдайы тіркелген. Оның 2662-сі симптомды болса, 2569-ы – симптомсыз. Олардың ішінде 5 152 науқас емделіп шыққан. Ал осы жылдың 1 тамызы мен 29 қазан аралығында COVID-19 белгілері мен (ICD-10 коды — U07.2) пневмонияның 985 жағдайы тіркелген.
«ANYQ.KZ»-ақпарат