Шымкенттегі жоғары оқу орнында екпе егу жұмыстары жүргізілуде

Шымкенттегі жоғары оқу орнында вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.


Қаладағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Оқу орнының мұғалімдеріне қаладағы №8 емхана қызметкерлері екпе егу жұмыстарын жүргізуде.

Екпе егу үшін жалпы тәжірбиелі дәрігер, психолог, иммунолог, медбике сынды медицина мамандары білім ордасының ішінде жұмыс істеуде. Мұғалімдермен қатар медицина мамандары өз еркімен келісім берген университеттің стундертеріне де вакцинация жасайды.

Айта кетейік, бұдан бөлек бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдарының қызметкерлері жабық мекемелер мен қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемелерге барып, екпе егу жұмыстарын жүргізеді.

Айта кетейік, Шымкентте 7 сәуірден бастап барлық санаттағы адамдарға екпе салынып жатыр. Қалаға 30 мың доза вакцина келді. Екпе егу сенбі, жексенбі күндері де, таңғы сағат сегізден кешкі сегізге дейін жүргізіледі. Әзірге 37 бекет жеткілікті. Бекеттің ішінен тағы қосымша бөлімдер ашылып жатыр.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.