Шымкентте «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Шымкентте «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкентте жол апатын азайту, жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің мәдениетін арттыру, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында 7-11-маусым аралығында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталды.

Шымкенттік тәртіп сақшылар Көліктік бақылау инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен, Мемлекеттік кірістер департаментімен және қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп, желіге шықпас бұрын қалалық автобустардың техникалық жағдайын, жүргізушілердің тіркеу құжаттарының болуын тексереді. Сондай-ақ, автобустарды нормативтер мен стандарттардың талаптарын бұзып басқару және пайдалану фактілерін, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтауды анықтау, жүргізушілер мен автобустарды жолға шықпай тұрып медициналық және техникалық тексеру шараларын, жүргізушілердің еңбек пен демалыс режимін сақтауын тексеру бойынша шаралар өткізеді. Сонымен қатар, жолаушылар көлігі жүргізушілерінің тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар шараларды қабылдау жоспарланған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 721353 448865The next time I just read a weblog, I actually hope which it doesnt disappoint me up to this one. Get real, Yes, it was my choice to read, but I personally thought youd have something intriguing to convey. All I hear can be a handful of whining about something you can fix in the event you werent too busy trying to find attention. 680505

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.