Шымкентте «Бизнес бастау» түлегі жиһаз шығаратын цех ашты

Шымкентте «Бизнес бастау» түлегі жиһаз шығаратын цех ашты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкент қаласының тұрғыны Гүлжазира Рысқұлова мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдаланған кәсіпкерлердің бірі. Былтырғы жылдың шілде айында 21 күндік «Бизнес бастау» оқу курсын аяқтап, сертификат алған соң, «Жиһаз жасау ісі» бойынша комиссияға өз жобасын ұсынды. Нәтижесінде, жобасы мақұлданып 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грантқа ие болған.

Бөлінген қаражатқа керекті құрал-жабдықтарын сатып алып, қазіргі таңда тапсырысқа түрлі үлгіде жиһаздар жасауда. Айтуынша сұраныс көп. Төрт баланың анасы бұл жетістігімен шектелмей, алдағы уақытта жиһаз шеберханасын дамытуды жоспарлап отыр.

Жалпы, былтырғы жылы бағдарлама шеңберінде 4828 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізді. «Бастау бизнес» жобасына 2820 адам жолданып, білім алған.

Мемлекеттік қолдау биыл да қарқынды жүзеге асырылуда. Биыл 600 адам грантқа ие болып, 1900 азаматқа «Бизнес бастау» оқу курсына жолдама берілді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.