Шымкентте «Менің емханам» көпсалалық клиникасы ашылады

Шымкент қаласының әкімі бүгін бірнеше медициналық нысандарды аралады. Алғаш болып «Ана мен бала» оңалту орталығында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.


. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық – еліміздің барлық аймағындағы АИТВ жұқпасымен өмір сүретін 18 жасқа дейінгі балаларға, «В» және «С» созылмалы вирустық гепатиті бар балалар мен әйелдерге медициналық көмек көрсететін жалғыз ұйым.

Медициналық мекеме тәулік бойы стационарлық және амбулаторлық көмекті жүзеге асырады. Ал АИТВ-инфекциясы бар балаларға психологиялық көмек және халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың алдын алуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Мұрат Дүйсенбекұлы қалалық емханалардағы жүктемені азайту мақсатында жаңадан салынып жатқан «Менің емханам» көпсалалы клиникасына барды. Болашақта медициналық мекемеге кардиолог, невролог, хирург, эндокринолог, ЛОР, офтальмолог сияқты мамандар көптеп тартылып, электрокардиография, ультрадыбыстық зерттеулер, флюорография сияқты аспаптық зерттеулер жүргізілетін болады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, скринингтік тексерулер мен мақсатты топтарды диспансерлеуді, иммундауды, СӨС қалыптастыру мен насихаттауды, отбасын жоспарлауды, жүкті және балаларды патронаждауды, әлеуметтік-психологиялық консультация беруді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады.

Медициналық мекемелерді аралау соңында қала әкімі ұйымдардағы құрылыс жұмыстарының сапалы жүруін және заманауи талапқа сай медициналық жабдықтармен жасақталуын тапсырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.