Шымкентте «Сәтті жарнама» акциясы өтті

Шымкент қаласында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Сәтті жарнама» акциясы ұйымдастырылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Акцияның негізгі мақсаты — қала аумағындағы маңдайша және сыртқы көрнекі жарнама мәтіндерін «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» ҚР Заңдарының талаптарына сәйкес ретке келтіру.
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға аудан әкімдіктерінің, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының, ішкі сауда және мониторингі бөлімі, тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысты.
Акция барысында Тәуке хан даңғылы, Ж. Аймауытов, Сайрам, Елшібек батыр, Ш. Уалиханов көшелеріндегі жалпы 542 коммерциялық нысан тексерілді. Заң талаптарына қайшы орналастырған 80 жарнама бойынша кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек ретінде кітапшалар таратылды.
Басқарма мамандарының айтуынша, биыл 9 айда 2 мыңға жуық коммерциялық нысан тексеріліп, Заң талаптарына қайшы орналастырған 155 жарнама ретке келтірілген.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.