Шымкентте азық-түлік бағасы тұрақтандырылуда

Төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылған шекті баға алынып тасталды.Бірақ Шымкентте баға тұрақты. Яғни, әкімдік бекіткен әлеуметтік маңызы бар 11 азық-түлік бағасы бақылауда.


Шымкенттегі базарлардың көкөніс қатарларында сауда қызып тұр. Әсіресе келісі 160 теңгелік картоп пен 120 -150 теңгеден босатылып жатқан пиязға сұраныс жоғары. Ерте піскен ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға әр қилы. Оны сатып алушылар да аңғарған.

Базар басшылығы қала әкімдігі белгілеп берген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы үнемі бақылауда дейді. Айтуынша, қостанайлық 1 сұрыптағы ұнның келісі 136 теңгеден. Күріш 270, құмшекердің келісі 186 теңгеден сатылуда.

Әлеуметтік маңызы бар 11 тауарды бекітілген бағамен сату жөнінде Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен келісімге тұрған шаһардағы ірі сауда орындары да өз міндеттерін орындауда. Бірінші сұрыптағы ұн белгіленген 147 теңгеден, бөлке наны 75 теңгеден саудалануда. Тізімде макарон өнімдері , күріш, құмшекер мен өсімдік майы да бар. Тұрақтандыру қорымен 1,3 млрд. теңгеге әлеуметтік маңызы бар өнімдер сатып алынған болатын. Бұдан бөлек базарлардың жанында жылжымалы сауда нүктелерінде ауыл шаруашылығы өнімдері белгіленген бағамен сатылуда.

 «Ереже бар. Егерде  әлеуметтік маңызы бар  тауарларға бекітілген бағадан  қымбат сатса, онда  ҚР Әкімшілік кодексінің 202 бабы бойынша жауапқа тартылады»,-дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустиралды-инновациялық даму басқармасының өкілі Қайрат Базарқұлов.

Айта кетейік, шаһарда азық-түлік тауарларының тапшылығын болдырмау мақсатында 50 тауар өндіруші кәсіпорын, 18 қойма және 25 сауда нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде қала аумағында 38,7 мың тонна әлеуметтік азық-түлік тауарларының қоры бар. Жауаптылар қалада азық-түлік тауарлары тапшылығы қауіпі жоқ екендігін айтады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.