Шымкентте арендалық 336 пәтердің құрылысы қыркүйекте аяқталады

Шымкент қаласындағы Әкімшілік іскерлік орталықтағы 56 пәтерлі 9 қабатты үйдің (№41, №42, №43, 46, №47, №48 тұрғын үйлер) құрылысы қарқынды жүріп жатыр.


Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Мұндағы тұрғын үйлерді «Атамекен Корпорациясы» және «Югстройсервис-Н» ЖШС мердігер мекемелері салып жатыр. №46, №47, №48 үйлердің құрылысы маусым айында, №41, №42, №43 үйлердің құрылысы қыркүйек айында аяқталады.

1 бөлмелі — 96 пәтер, 2 бөлмелі – 96, 3 бөлмелі – 144 пәтер бар. Аталған үйлер пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арендалық негізде беріледі.

Шаһар басшысы тиісті сала басшысына мердігер мекемелердің жұмысты сапалы орындауын бақылауды, кемшіліктер орын алса қайта қалыпқа келтірулерін тапсырды.

Айта кету керек, Шымкентте өткен жылы 157 нысанның құрылысы жүргізілді. Атап айтқанда, 92 тұрғын үй, 34 инженерлік инфрақұрылым және 31 әлеуметтік нысан тұрғызылды. Ал биылға 112 нысанның құрылысы жоспарланып отыр. 

Осыған дейін әкім мердігер мекемелердің басшыларымен сөйлесіп, туындап жатқан мәселелерді ортаға салған болатын. «Әрбір үйді салып жатқан кезде осы үйде өзім немесе туысым тұруы мүмкін деген оймен салыну керек. Алдағы аптада тағы да келіп мәселелердің шешілгенін көретін боламын. Бұған өзіңіз тікелей жауапты боласыз» деп құрылыс басқармасының басшысына жүктеген қала әкімі үйлердің санымен қатар сапасы да басты назарда болу керектігін алға тартты. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.