Шымкентте балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясы өтті

Шымкентте балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясы өтті. Бұл күні барлық ата-ана кішкентай балақайларға ерекше көңіл бөледі.


Шымкентте 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Балалық шақ — бақытты аспан астында» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Оған қаладағы «Жігер» қоғамдық бірлестігінің бүлдіршіндері қонақ болды.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Демеушілердің көмегімен өткен қайырымдылық шара барысында балаларға түрлі аниматорлар арқылы концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады, сонымен бірге, ойыншықтар мен сыйлықтар тарту етілді.

Айта өтсек, «Жігер» қоғамдық бірлестігінде тумысынан сал ауруына шалдыққан 130-ға жуық бала тәрбиелену үстінде. Оларға әлеуметтік қызметкерлер үйіне барып сабақ оқытып, өзге де әлеуметтік, емдеу-оңалту қызметтерін көрсетеді.

Айта кету керек, Балалар күнін өткізу жөніндегі шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданады. Ал  Халықаралық балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы атап өткізілді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.