Шымкентте бос жатқан 54,7 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Шымкентте бос жатқан 54,7 гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкент қаласы аумағында ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекетке қайтару жұмыстары қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен қарқынды жүзеге асырылуда.

Нәтижесінде ауылшаруашылық мақсатындағы 54,7 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып отыр.

Айта кету керек, бұл жұмыстар Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырманы жүзеге асыру мақсатында орындалып отыр.

Еске сала кету керек, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының ақпаратына сүйенсек, қалада жалпы игерілмей жатқан 1546 жер учаскесі бар екен.

Алдағы уақытта басқарма тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады деп жоспарлануда.

Жерді мемлекет иелігіне қайтару жұмыстары заң аясында жүргізілуде.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.