Шымкентте білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша «HR-PROCESS.KZ» жобасы жүзеге асырылады

Шымкентте мұғалімдер енді жұмысқа жаңа жүйемен кіреді. Бұған дейін білімін Т-Хантер арқылы көрсететін үміткерлер енді HR-Рrocess сайтына тіркеліп, комиссиядан өтуі керек. Осылайша шаһар жауаптылары Шымкенттегі жемқорлықты жоямыз дейді.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы «Antikor.live» жобасындағы онлайн сұхбатта мәлімдеді.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы  Шымкент қаласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы «Antikor.live» жобасында онлайн сұxбат берді.          

Тікелей эфирде Шымкент қаласының білім беру мен жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша қабылданған шаралар, HR-process.kz жобасы туралы, Карантин жағдай кезінде әкімдіктің жұмысы жөнінде, Шымент қаласында мемлекеттік қызметтерді цифрандыру, Азаматтарда жемқорлыққа қатысты «нөлдік төзбеушілік» қалыптастыру туралы баяндады.

Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жүзеге асырылатын автоматтандырылған «HR-PROCESS.KZ» жобасы мектеп директорлары мен мұғалімдер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға мол мүмкіндік береді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.