Вакциналау – тап қазір аурудың алдын алып, адам өмірін сақтап қалудың бірден-бір қауіпсіз және тиімді әдісі болып тұр. Бұл ретте, қалада вакцина салдырғандардың қатары артып келеді.
Шымкент қаласында өткен тәулікте КВИ-дің 111 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 73, белгілері жоқ — 38). 39 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 72 адам үй бақылауында. 3265 адамнан ПТР зерттемесі алынған.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық — 490, Атамекен клиникасы-450, Орынбай ГБОО-70 орын), төсек-орын толымдығы 34%-ды құрайды, 657 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 353 науқас емделуде (КВИ-210, пневмония — 131, ЖРВИ — 12), жансақтау бөлімінде — 19 (7 ИВЛ, 12- НИВЛ).
Бір тәулік ішінде қалада 7112 адам вакцина алды (I компонент — 7095, II компонент — 17). Егу науқаны басталғалы барлығы 38 107 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 6185 адам вакцинаның екінші компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 21 мобильдік топ соңғы тәулікте 385 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 14 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.
2021 жылдың 15 сәуіріндегі жағдайға сәйкес, Шымкент қаласы «қызыл аймақта» тұр. Осыған орай, медицина мамандары қала тұрғындарына карантин талаптарын сақтап, адам көп шоғырланған жерге бармауды ескертеді.
Айта кету керек, қалада вакцина тегін әрі ерікті түрде барлық емханаларда таңғы 8.00-ден 22.00-ге дейін демалыс күндері де салынуда.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
Homeopathy 2012; 101 4 204 10 is viagra or cialis better Perceptions of contralateral breast cancer risk a prospective, longitudinal study
priligy tablets online ABO incompatibility hemolysis and Type III immune complex ie