Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес бүгін Шымкент қаласында екі спорт алаңшасы ашылды.
Әл-Фараби ауданындағы Әлімбетов көшесі №45в үй ауласы мен Текесу тұрғын алабында пайдалануға берілген спорт алаңшалары жеке кәсіпкер Серік Тульбасовтың жеке қоры демеушілігі есебінен салынды.
Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосып жүрген меценаттарға алғысын білдірді.
«Қазіргі таңда Шымкент қаласы аумағында аула ішілік 231 спорт алаңшасы болса, биыл бюджет есебінен қала аумағына қосымша 101 спорт алаңын соғу жоспарымызда бар. Ал, Әл-Фараби ауданы аумағында биылғы жылы өңіріміздің кәсіпкері Серік Тульбасовтың жеке қоры демеушілігі есебінен 7 спорт алаңшасы соғылып, пайдалануға берілетін болады. Бүгін сол спорт алаңшасының екеуі халық игілігіне беріліп отыр. Бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосып, өскелең ұрпақтың мүддесін ойлап жүрген жомарт азаматтарға алғысымыз шексіз! Қоғамға пайдалы істеріңізді қала тұрғындары ұмытпайды»,-деді қала басшысының орынбасары.
Спорт алаңдары воркаутпен айналысуға арналған спорттық жабдықтармен және дене жаттығуларына арналған аймақпен жарақтандырылған.
Президент тапсырмасына орай, қалада биылғы жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар көрсеткішін 31% ұлғайту жоспарлануда.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
Hello! I just wanted to ask if you ever have any
trouble with hackers? My last blog (wordpress) was hacked and I ended up losing several weeks of hard work
due to no backup. Do you have any methods to prevent hackers?
Muchas gracias. ?Como puedo iniciar sesion?