Шымкентте жасалған аяқ киімдер бәсекеге қабілетті. Әлемдік брендтерден бір саты да кем емес.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ашылған «LUXE SHOES» фабрикасы өнімдерін енді экспорттамақ ниетте.
Аталмыш кәсіпорын шығарған аяқ киімді бір киіп көрген адам, қайта айналып келеріне сенімді. Өйткені, бірінші кезекте сапаға мән берілгенген, дейді зауыт басшылығы.
«Luxe Shoes» зауыты «Оңтүстік» арнайы экономикалық аумақта орналасқан. Бір жылдық қуаттылығы 120 мың жұп. Мұндағы аяқ киімдердің сапасы бірден көзге түседі. Былғарыдан жасалғандықтан сұраныс та жоғары. Бағасы да қалта көтерімді. Мұндай 4 мезгілге арналған ерлер және әйелдер аяқ киімі жасап шығарылады.
Айта кетерлігі қызметкерлер үшін тауардың сапасы бірінші орында. Аяқ киімді толыққанды жасап шығару үшін табиғи желімнің маңызы зор. Мұндай желімді Австрия және Италия елдерінен алатын көрінеді.
Бүгінде бұл зауытта 60-қа жуық қызметкер жұмыс істейді. Мұндағы қызметкерлер өз ісінің шебері. Соның бірі Айкерім Төлебекова. Зауыт ашылғалы осында жұмыс істеп келеді. Оның айтуынша, фабрикада барлық тауарлар сапалы жасалады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
You’re really a excellent webmaster. The site loading velocity is incredible.
It sort of feels that you are doing any distinctive trick.
Moreover, the contents are masterpiece. you have performed a wonderful process in this matter!
Similar here: ecommerce and also here: Sklep internetowy